Бауыржан Момышұлы:
"–Қарағым, ұрпақ үшін ең жаман нәрсе – кек. Соны біздің бабаларымыз түсіне білген. Өздері араздасқанмен кейінгі ұрпақ қамын ойлай білген…
Араздық кесірінен содырлардан таяқ жеген Абайдың өзі де келешек ұрпаққа кек қалмасын деп қарсыласының ақымақтығын кешіреді ғой.
Менің ойым, араздасқанды өлгеннен кейін ғана емес, тіріде де қойған жөн. Сонда ғана көсегеміз көгерген үстіне көгере түседі."
Бауыржан Момышұлы:
Құрманғазы, Мәди, Ақан сері, Балуан Шолақ, тағы басқаларын ал. Олар тарихымызда халық перзенті боп қалды. Кезінде араздасып, оларға қастандық жасағандарды қазір ешкім білмейді…
Біздің басымыздың қосылмауы сүйекке біткен ауру.☝️ Соны ақын Міржақып терең түсінген.
,,Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақсыз елдің өкініші бітпес.
,,Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді,
Өшер елдің баласы бірін-бірі қатын дейді,, –деген сөздерді бабаларымыз айтқан. Бұл-ақымақтанып, өз-өзіңнен қор болмай, бастарыңды қоссаңдаршы деген сөз. Соған біз осы уақытқа дейін түсінбей келе жатырмыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через