Жедел уәкілдердің жұмыс нұсқасына сүйенсек, 31 жастағы ер адам ұрланған заттарды сату арқылы бірнеше рет сауда жасаған болуы мүмкін, деп хабарлайды Standard.kz.
Ол IPhone 12 Pro Max және Samsung Galaxy A20 телефонын сатып алу кезінде ұсталды. Оның үстіне ол ұялы телефондарды сатушының қылмыстық жолмен алғанын білген. Бұл жедел және арнайы шаралар нәтижесінде алынған мәліметтермен расталады. Қылмыстың тарихы мынадай: бірнеше күн бұрын қоғамдық көлікте жолаушыдан осы ұялы телефондардың бірін ұрлап кеткен жас жігіт ұсталды. Күдіктіге айып тағылып жатыр, – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Бұл азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Конституция нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Фото: Polisia.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через