ҰҚК Каспий арқылы есірткі тасымалдаған қылмыстық топты ұстады

ҰҚК Каспий арқылы есірткі тасымалдаған қылмыстық топты ұстады
фото: © Photo : КНБ РК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий акваториясы арқылы таяу шығыс өңірінен есірткі заттарын Қазақстанға контрабандалау арнасының жолын кесті, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

2023 жылдың 3 қыркүйегінде Маңғыстау облысында есірткі мәмілесін жасау барысында бір топ адам ұсталды, олардың қатарында мемлекеттік шекарадан шағын өлшемді жүрдек катерлермен заңсыз өткен шетел азаматтары да бар.

15 кг апиын, 20 кг гашиш, 50 қорап "трамадол" апиынды анальгетигі, сондай-ақ навигация және техникалық байланыс құралдары тәркіленді.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақпарат