фото: оқиға куәгері түсірген сурет
Чехия билігі Прага университетінде оқ жарақатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты сенбі, 23 желтоқсанды мемлекеттік қаралы күн деп жариялады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Петр Фиала айтты.
Бұл шешім республика президенті мен төменгі палата спикерінің қатысуымен өткен үкіметтің кезектен тыс отырысында қабылданды.
21 желтоқсан күні кешке Прагада орналасқан Карлов университетінде 24 жастағы студент қарудан оқ жаудырды. Ол оқу орнына өздігінен оқталатын винтовкамен келіп, аудиториядағы студенттер мен терезе түбінде жүрген адамдарға оқ ата бастады.
Соның салдарынан 14 адам қаза тапты, тағы 25-і жарақат алды. Дәрігерлердің сөзінше, 11 адамның жағдайы ауыр. Полицияның мәліметінше, қарулы студенттің көзі жойылды. Кейбір БАҚ-тың жазуынша, қайғылы оқиғада 15 адам көз жұмған.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото Petr David Josek / AP.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через