Үндістан бидай экспортына тыйым салды

Үндістан бидай экспортына тыйым салды
фото: https://sputnik.kz

Үндістан бидай экспортына тыйым салды

Үндістан билігі 2021-2022 жылдарға арналған бидай өндірісінің болжамын қайта қарап, оны 5,7%-ке, 105 миллион тоннаға дейін қысқартты.

Үндістан бидай экспортына тыйым салды. Бұл тыйым бірден күшіне енеді.

Экспортқа "осы хабарлама күні немесе оған дейін қайтарылмайтын аккредитив берілген жеткізулер жағдайында", сондай-ақ Үндістан үкіметінің "басқа елдердің үкіметтерінің өтініші бойынша олардың азық-түлік қауіпсіздігіне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін берген рұқсаты негізінде" ғана рұқсат етіледі.

"Көптеген факторларға байланысты туындаған бидайдың әлемдік бағасының кенеттен өсуінің әсерінен Үндістанның, көршілес және басқа да осал елдердің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын ескере отырып, Үндістан үкіметі Үндістанның, әлемдік бидай нарығындағы күрт өзгерістер теріс әсер етіп жатқан және бидайдың тиісті жеткізулеріне қол жеткізе алмай жатан көршілес және басқа да осал дамушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді", - деп хабарлады министрлік.

Бұған дейін жаздың ерте басталуына байланысты Үндістан билігі 2021-2022 жылдарға арналған бидай өндірісінің болжамын қайта қарап, оны 5,7%-ке, 105 миллион тоннаға дейін қысқартты. Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының түсіміне әсер етті.

БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының ресми өкілі Томсон Пиридің айтуынша, Украинадағы жағдай әлемде азық-түлік бағасының өсуіне және аштыққа әкелуі мүмкін. Ол Қара теңіз бассейні бидай және ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша маңызды аймақтардың бірі болып табылатынын айтты.

Томсон Пири ұсынған дерек бойынша, әлемдік бидай экспортының 30%-і, әлемдік жүгері экспортының 20% және күнбағыс жеткізулеріің 76%-і Украина мен Ресейге тиесілі. Сондықтан өндіріс немесе жеткізудегі кез келген кідіріс бағаның өсуіне әкелуі ықтимал.

Мәтіндегі ақпарат туралы