Үнділік әйел автокөлік капотында нан пісіріп, жерлестерін үрейлендірді

Үнділік әйел автокөлік капотында нан пісіріп, жерлестерін үрейлендірді

Үндістанның Орисса штатына қарасты Сонепур ауданында бір әйел ыстық күнде өз авткөлігінің капотында нан пісіріп, елдің көзіне түсті.

Үнділік әйелдің аспаздық өнері таспаланған видео әлеуметтік желілер арқылы әлем елдерін шарлап кетті. Алайда аталған ролик ел тұрғындарының көңіліне күдік тудырды. Олар ғаламдық жылыну бастала ма деп қауіптеніп отыр. Өйткені, дәл осы уақытта Орисса штатында көлеңкенің өзінде ауа температурасы 44 градус ыстық болған еді. Ал сол мезетте жергілікті тұрғындарға күн астында қатты темірдің өзі балқып бара жатқандай көрінген.   

Ғаламдық жылыну мәселесі Үнді үкіметі үшін алып елге қауіп төндіретін көкейкесті мәселеге айналған. Әлем бойынша ең ыстық астана Бангладеш орталығы –Дакка саналады. Ал Үндістанның Нью-Дели шаһары бұл тізімде екінші орынға жайғасқан.  

Жалпы Үндістанның кейбір штаттарында көптеген адамның өмірін қиып кететін  алапат ыстық жиі болып тұрады. Мысалы 2012 және 2015 жылдары болған мұндай аномальды температура ресми тіркелгенде сынап бағанасы 47 °C жетті, тіпті кейбір күндері 50 °C асқан.

Фото: pixabay.com, vesti-ua.net