фото: https://pixabay.com/ru/
Ұлытау облысында 25 елдімекенді су басу қаупі бар. Көбісі Жаңаарқа ауданына қарасты.Биыл өңірге қар қалың түсті. Облыстың солтүстік бөлігінде қатқан жер тоңының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Қазір өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, арық-атыздарды тазалап, қажетті инертті материалдар мен техникалық құралдардың қорын жасақтап жатыр."Бүгінгі таңда 270 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда. Сонымен қатар жол ұйымдарының қызметкерлерімен 600-ге жуық су өткізу құбырлары және көпірлер тазаланды.
Негізгі қауіп 15-наурыздан бастап күндіз де, түнде де ауа температурасының жылынуы күтілуде. Бізде қазір дайын штаб құрамы бар. Қажет болған жағдайда, қауіп төнген жағдайда сол штаб құрылып, дереу іс-шаралар қабылданады", - деді Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы Әлібек Әбілов.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через