massaget.kz желілік басылымы қауіпті өсімдіктердің тізімін жариялады.
1. Алып балдырған
Үлкен гүлшоғыры бар, қалың сабақты бұл алып «аскөк»-тің биіктігі үш метрге дейін жетеді. Оны көрсеңіздер жанына жақындамаңыздар.
Балдырған шырынының құрамында фуранокумарин бар. Ол терінің ультракүлгін сәулелерден қорғайтын қабатын күйдіреді. Сондықтан жанасқан жерінде күйіктің орындары пайда болып, таңғы немесе кешкі әлсіз күннің сәулесінің өзінен үлкен тері күлдіреуіктері пайда болады. Ал егер шырыны көздің шырышты қабатына тиген жағдайда, адам көз жанарынан айырылуы да мүмкін.
Алайдайда балдырғанның зиянсыз түрлері де бар. Тіпті кейбір түрін тағам ретінде де пайдаланады.
Дегенмен гүлшоғыр мен оның астындағы жапырақты бұталардың зиянсыз екеніне күмәніңіз болса, тәуекелге бармағаныңыз жөн.
2. Шалғын ботташығы
Бұл да қолшатыр тәріздес өсімдік. Кішірек және ашық сары түсті гүлшоғыры бар. Ботташықтың шырынының құрамындағы Parsnip псоралены дәл балдырғанның құрамындағы фуранокумарин секілді терінің күннің сәулесіне сезімталдығын арттырады. Нәтижесінде жанасқаннан кейін тәулік ішінде теріде күйік (жолақтар, дақтар, бөртпелер, күлдіреулер) пайда болады. Ботташықтың гүлдену кезінде, яғни тамыз айында қауіптілігі артады.
3. Сарғалдақ
Атауы өте нәзік естілгенмен бұл өсімдік өзінің шын бейнесін адам денесіне жанасқаннан кейін көрсетеді.
Сарғалақтың улы шырыны теріні елеулі тітіркендіреді. Теріге тиген жері қышып, күлдірейді. Ал ауыз қуысы мен мұрынға түскен тозаңы жөтел мен жұтқыншақтың түйнеуін туырады.
Міне, сол себепті сарғалақтың шоғын жинап, оны иіскеуден аулақ болыңыздар.
4. Тегеурінгүл (дельфиниум)
Бұл да сарғалдақтар тұқымдасына жататын улы гүлдердің бірі. Дегенмен биік күлгін, көк түсті гүлдермен көмкерілген сабақтары сарғалдаққа ұқсамайтыны рас.
Терімен жанасқан шырыны мен тозаңы қалақай секілді жағымсыз әсер қалдырып, тітіркендіреді.
Кейде дельфиниум гүлін әсемдік үшін өсіреді. Ондай жағдайда гүлге тек қолғаппен жанасып, үй жануарларының гүлге жақындамауын қадағалау қажет.
5. Құндызшөп
Сарғалдақ тұқымдасына жататын тағы да бір сырттай көрікті, алайда улы өсімдік — құндызшөп. Оның шырынының құрамында тері мен шырышты қабаттың қабынуын тудыратын улы алкалоидтер бар. Сол себепті бұл гүлге тек қолғаппен жанасуға кеңес береміз.
6. Улы емен
Бұл жапырақтары шырынға толы жылтыраған әсем бұта токсикодендрон (латыншадан аударғанда «улы ағаштар») тұқымдасына жатады.
Оның жапырақтары мен сабағының құрамында урушиол майы бар. Ол денені тітіркендіріп, аллергия тудырады. Жанасқан жерінде қышытатын күлдіреуік бөртпелер пайда болады.
Американың бақылау және аурудың алын-алу орталығының (CDC) мамандарының айтуынша бұндай аллергияның кей шұғыл түрлері медициналық көмекті қажет етеді.
7. Улы шырмауық
Улы еменніңтың жақын туысы болғандықтан адам терісіне дәл солай әсер етеді. Оны басқа шырмауықтан ажырату оңай: әр бұтақшада үш жапырақ болады. Жыл мезгіліне байланысты жапырақтары жасыл, қызғылт-сары, тіпті қызыл болып өзгеріп отырады.
8. Күймесгүл
Күймесгүл көптеген әсем гүлшоғырлары бар тік сабақты өсімдік. Бау-бақшаға көрік беру үшін де отырғызылады. Бірақ бұл өсімдік өте қауіпті. Піскен ұрығы көп мөлшерде эфир майын бөледі. Егер оған сіріңке тигізсе ол бірден жалындай кетеді. Соған қарамастан гүлдің өзіне ешқандай зақым келмейді. Міне, бұл осындай қызық әрі қауіпті өсімдік.
Күймесгүлге қолғапсыз, жабық киімсіз жанасуға болмайды. Себебі оның әсері бірден білінбегенімен, бір тәуліктен соң орындарында күлдіреп күйген жаралар пайда болы мүмкін. Күлдіреуіктер жазылғанымен, кейін орындарында тыртық қалып қояды.
9. Сүттіген
Осы тұқымдастықтағы өсімдіктер бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, әр түрлі, пішінді болып келеді. Бірі шалғын гүлдеріне ұқсаса, енді бірі- кактус сияқты. Бәріне ортақ бір ақ белгісі, атауы айтып тұрғандай-ащы сүтшесі.
Бұл шырын улы. Теріде күйік қалдырады. Ал көздің шырышты қабатына тисе, қатты ашытып, уақытша соқырлыққа әкеледі. Кей жағдайда адамның дене қызуы көтеріліп, ісінуі де мүмкін.
10. Кәдімгі майкене
Бұл өсімдік – кастор майының қайнар көзі. Бірақ майын алатын кезде өсімдік жемісі қуатты буда өңдеуден өтіп, құрамындағы улы заттары ыдыратылады. Ал егер уынан ажыратпаса қиындықтар туатыны анық.
Майкенеге жанасуға болады. Бірақ жұлуға кеңес бермейміз. Себебі жемісінің сыртын кездейсоқ зақымдап алсаңыз сіз өзіңізге рицинді қабылдайсыз. Егер ол ауыз қуысына түссе (мысалы, қолды шала жуғаннан), бірден гастроэнтерит тудыруы мүмкін. Тіпті аяғы өліммен аяқталуы да ғажап емес. Қосымша жағымсыз әсерлері — неврологиялық ауытқушылық тудырады, көздің шырышты қабатының зақымдайды.
Фото: pixabay.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через