Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік туын, Мемлекеттік елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын әзірледі.
Осылайша, ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін Мемлекеттік ту мен Елтаңбаны ауыстыруды және жоюды Конституциялық заңға сәйкес мемлекеттік органның немесе ұйымның тұрақты комиссиясы жүзеге асырады.
Бұл ретте, ұлттық стандарттарға сәйкессіздік республиканың мемлекеттік туы мен елтаңбасына белгіленген пішінді, өлшемді және техникалық талаптарды бұзу екені түсіндіріледі.
Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін мемлекеттік атрибуттарды ауыстыруды және жоюды олардың өтініші бойынша олар орнатылған ғимараттар мен үй-жайлардың меншік иелері жүзеге асырады.
Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Ту мен Елтаңбаны ауыстыру бір жұмыс күнінде жүзеге асады деп жоспарланып отыр.
Жою оларды қайта пайдаланбас үшін жағу, балқыту, көлемі 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын бөліктерге ұсақтау, пішінсіз массаға немесе ұнтаққа айналдыру арқылы жүзеге аспақ.
Құжат Ашық НҚА веб-сайтына 27 сәуірге дейін жарияланған.
Дереккөз Zakon.kz. Фото www.istockphoto.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через