фото: pixabay.com
Ұлттық қор төлемдерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2024 жылдың 1 ақпанына бастап аударады. 18 жасқа толмаған барлық балаға бірдей сома аударылады.
Бұл туралы Қаржы министрлігінің бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазин.
Ал кәмелет жасына 2024 жылы толатын балалар сол қаражат шотына түскен кезден бастап өтінім беріп, Ұлттық қор ақшасын пайдалану мақсатын растайтын құжатты көрсету арқылы әрі қарай бұл қаражатты пайдалана алады», - деді Айбол Арғынғазин ведомство ұйымдастырған брифингіде.
Сондай-ақ, Ұлттық қор қаражатын емдеу шараларына жұмсауға рұқсат жоқ екенін айтты.
Оның айтуынша, денсаулығына байланысты қиындыққа тап болған азаматтарға қолдау көрсетудің «Қазақстан халқына қоры», зейнетақы жинағының артылған көлемін пайдалану сияқты түрлі тетіктер бар.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через