фото: © Photo "Қазақстан темір жолы"АҚ баспасөз қызметі
Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық вокзалдардың перронынан этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолы".
Олар:
№3/4 "Астана-Алматы",
№85/86 "Астана-Шымкент
№7501/7502 "Астана-Павлодар" бағыттарындағы пойыздар.
"Жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды", - деп атап өтті компания.
Жолаушылар мен шығарып салушылар үшін домбырашылар қазақ халқының мәдениетінің басты символы – домбыраның сүйемелдеуімен ән салды.
Сонымен қатар, әрбір жолаушыға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын еліміздің ұлттық тағамдары "наурыз көже" мен "бауырсақ" ұсынылды.
"Елімізде аталып өтетін мерекелермен жолаушыларды құттықтау – компанияның жыл сайынғы дәстүрі", - деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов.
Оның айтуынша, компания жыл сайын жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, пойыздарды ерекше стильде безендіруді әдетке айналдырған.
Этникалық стильдегі пойыздар 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін жүреді.
Айта кетейік, бұл мерекелік акция еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через