«Қазақстан Ұлттық банкі өздерін полиция немесе Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстыратын телефон-алаяқтарының пайда болғанын ескертеді. Олар «заңсыз әрекеті үшін банк менеджерін ұстауға арнайы операция» жүргіземіз деген желеумен азаматтарды несие рәсімдеуге немесе микроқарыз алуға үгіттеп, ақшаны үшінші тұлғаның шотына аударуға көндіреді», - делінген ҰБ таратқан хабарламада.
Кейде алаяқтар полиция қызметкері ретінде қоңырау шалып, Ұлттық банкпен арнайы операция өткізіп жатқанын айтады. Сенімділік үшін телефон желісіне Ұлттық банк қызметкерін қосқан болады.
Ұлттық банк құқық қорғау жүйесінің немесе Ұлттық банктің жалған қызметкері телефон шалған кезде әңгімені тоқтатуға, «банк менеджерін ұстау» бойынша алаяқтық пиғылдағы іс-қимылдарға қатыспауға, дереу құқық қорғау органдарына арыз түсіруге шақырады.
"Сондай-ақ Ұлттық банк мобильдік қосымшаларды жүктеуге, дербес деректерді ашуға, мобильді телефонға қашықтан кіруге рұқсат беруге және телефонмен сөйлесу кезінде алынған нұсқаулар бойынша үшінші тұлғалардың шотына ақша аударуға болмайтынын ескертеді», - деді ведомстводан.
1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына кеңес алу үшін хабарласуға болады.
Фото: iagorod.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через