Еліміздің ақ жағалылары біздің бүлдіршіндеріміз «Маша мен аю» сериалдарына ғана телміреді деп қапаланады. Көрмегенде не істейді қазақ анимациясының жағдайы мәз болмаса.
Бұған себеп тапсырыстың басым бөлігі бұрынан «Қазақфильм» арқылы жүреді. Қаражат пен бірге басқаруды да беріп қойғандықтан, киностудия аниматорларды жетім баланың күйінде қалдырып қояды. Сондықтан балаларға арналған мультфильм – өскелең ұрпақты тәрбиелейтін ең басты құралымыз деп есептесек, насихат құралы деп тапсақ, онда мемлекеттік тұрғыда қолға алынатын кез жетті.
DISNEY-ден кем түспейтін анимация түсіреміз деп құрғақ қасықпен ауыз жыртады. Нәтиже шамалы.
Біздің еліміз америкалық компаниядан қайсыбір жылдары 4 миллиард долларға мультфильмдер сатып алған болатын. Бұл дегеніңіз – Қазақстандағы шамамен жүз шағын қаланың жылдық бюджеті көрінеді.
Қомақты қаржы әкелетін, тіпті мемлекеттің де қоржынын қампайтатын осы саланың кенжелеп тұрғаны өкінішті әрине? Не істеуге болады? Осыдан кейін тілі енді шыға бастаған сәбиді неге өзге тілде сөйлейді деп кінә артамыз? Бұл тақырыптқа сіз қандай ой қосар едіңіз. Standard.kz порталы Сіздің пікіріңізді білгісі келеді
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через