фото: https://sputnik.kz
Украина-Польша шекарасынан 361 қазақстандық өтті
Украинада болған 175 қазақстандық елге оралды
28 ақпан түнде Польшаның Катовице қаласынан шыққан ұшақ Алматы әуежайына қонды.
Қазақстанның сыртқы істер министрлі қазірге дейін Қазақстанның 361 азаматы Украина – Польша шекарасын кесіп өткенін хабарлады.
"1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның 361 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті. Шекарада тағы 40 отандасымыз өз кезегін күтіп тұр. ҚР Польшадағы елшілігі біздің азаматтарымыздың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін Польша тарапынан шекарада дипломаттардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етеді ", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, Air Astana әуе компаниясының екінші эвакуациялық ұшағы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да Катовице-Атырау бағыты бойынша ұшып шықты. Ұшақ Атырауға қонғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кетеді. Бортта 120 ересек және 4 бала бар.
Бұған дейін Катовице қаласында Қазақстан азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстер жоспарланғаны хабарланды. Елдің сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Украинадан отанына қайтаруды ұйымдастыру жұмысын жалғастырады.
Айта кетері, 28 ақпанда түнде Польшаның Катовице қаласынан шыққан ұшақ сағат 22.32-де Алматы әуежайына қонды. Бортта 175 жолаушы болды, оның ішінде алты бала бар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через