Былтыр құны 27 млрд теңге болатын 28 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді.
«Елімізде туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Мысалы, өткен жылы құны 27 млрд теңге болатын 28 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Осы жобалардың ішінде Балқаш курорттық аймағында инженерлік коммуникациялар салу, Ақтау қаласының жылы жағажайына дейін автокөлік жолының құрылысы аса маңызды болып саналады. Сонымен қатар, Үшарал және Үржар әуежайларының іске қосылуы маңызды оқиға болды, бұл әуе тасымалы мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті», - деді министр.
Оның айтуынша, биыл 439,3 млрд теңгеге 83 инфрақұрылымдық жоба іске асып жатыр.
«Туристік инфрақұрылымды дамыту проблемасын шешу мақсатында елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында әкімдіктерге тиісті құзырет беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп тоқталды Асхат Оралов.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото inbusiness.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через