Twitter-ге бәсекелес болатын жаңа әлеуметтік желіге 30 млн адам тіркеліп үлгерді

Twitter-ге бәсекелес болатын жаңа әлеуметтік желіге 30 млн адам тіркеліп үлгерді
фото: theguardian.com

Meta компаниясы Twitter-ге тікелей бәсекелес болатын Thread атты жаңа сервисті іске қосты. Алғашқы жеті сағатта платформаға 10 млн-ға жуық адам тіркелген.

Функционалдылығы жағынан Threads Twitter-ге ұқсас және Meta басшысы Марк Цукерберг айтқандай, ол оның бәсекелесіне айналады.

«Бұған біраз уақыт керек, әрине. Бірақ менің ойымша, біздің қосымшамызды 1 млрд-тан астам адам қолданады. Twitter-де мұндай мүмкіндік болды, бірақ оны істей алмады. Табысқа жетеміз деп үміттенемін», - деді Цукерберг.

Оның айтуынша, Threads табысының кілті - платформадағы достық атмосфера.

«Жалған Instagram-да жалған бақытқа мәз болғанша Twitter-де бейтаныс адамдардың шабуылына ұшыраған әлдеқайда жақсы», - деп жауап берді Илон Маск.

Мамандар Масктың әлеуметтік желіні сатып алғаннан кейін енгізген өзгерістеріне көңілі толмаған көп қолданушылар жаңа платформаға ауысады деп болжап отыр.

Threads қалай жұмыс істейді?

Threads қысқа мәтін хабарлама алмасуға арналған, Twitter-дегі сияқты ұнату, пікір жазу немесе репост жасауға болады.

Жазбалар 500 таңбамен шектелген.

Threads қолданбасын 100-ден астам елде жүктеп алуға болады, бірақ цифрлық нарықты реттейтін заңнамаға байланысты Еуропада әлі іске қосылған жоқ.

Instagram-ы бар пайдаланушылар жаңа платформаға өз аккаунтымен кіре алады.

Арнайы параметрлер бірден екі платформада мазмұнды көшіруге мүмкіндік береді.

Бұл мүмкіндік бес минутқа дейінгі жазбаларды, сілтемелер, фотосуреттер мен видеоларды қамтиды.

Сондай-ақ, Instagram-да сіз бұғатталған кез келген аккаунт Threads-те автоматты түрде блокталады.

6 шілдеде ресми іске қосылған Meta компаниясының Threads қосымшасы Ресей, АҚШ және Ұлыбританияда App Store дүкенінде көш бастады.

Марк Цукерберг қазірдің өзінде платформаға 30 млн астам адам тіркелгенін айтты.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото theguardian.com.