Осыдан он-шақты күн бұрын Twitter әлеуметтік желісін 44 млрд долларға сатып алған Илон Маск парақшасына алдағы уақытта желінің кейбір қолданушылары үшін ақылы болатынын жазды.
«Twitter-ді қарапайым азаматтар әрдайым тегін пайдаланады. Алайда, коммерциялық немесе үкіметтік пайдаланушылар аз мөлшерде төлем жасауы мүмкін», - деп мәлімдеді ол.
Илон Маск аталған желінің бүкіл әлемде сөз бостандығына қызмет ететініне де сенім білдірген.
Айта кетейік, жақында Илон Масктың Twitter-ді қомақты қаражатқа сатып алған болатын. Әлемдегі ең дәулетті адамның пікірінше, Twitter оның меншігіне өткен соң, спам-боттар жоғалады. Маск Twitter-дегі жалған аккаунттармен күреспек.
"Егер біздің Twitter-дегі ұсынысымыз сәтті болса, біз спам-боттарды жеңеміз!" деген Маск өткен аптада Twitter-де барлық "шынайы адамдардың түпнұсқалығын растауды" қалайтынын айтқан.
Фото: inc42.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через