фото: sputniknews.com
Компанияның Директорлар Кеңесі әлемге танымал қалталы азамат Илон Масктің ұсынысын қабылдады. Сәуір айының ортасында Twitter-дің иелеріне компанияны сату туралы ұсыныс жасаған Илон Маск бұл әлеуметтік желінің жүзеге асырылмаған әлеуеті зор екенін және оны өзінің іске асыра алатынын ойын жариялаған.
Сәуір айында Маск Twitter-дің 9,2% акциясын 2,89 миллиард АҚШ долларына сатып алып, компанияның ең ірі акционері атанды.
Бір апта бұрын болашағы белгісіз болып көрінген мәміле жайлы талқылаулар өткен аптаның соңында қарқын алды. Маск компания акционерлерін шақырып, олармен мәміленің қаржылық егжей-тегжейлерімен бөлісті.
Акционерлердің қысымына ұшыраған Twitter бір акцияға 54,20 доллар ұсынған Маскпен келіссөздерді бастады. Бұл жаңалық шыққан кезде Twitter акцияларының биржадағы бағасы 6%-ға көтерілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Ағымдағы мәміленің бағасы Масктың акциялардың 9%-ын сатып алуы туралы хабарландырудан бір күн бұрынғы сауда қорытындысымен салыстырғанда 40% жоғары болып тұр.
Фотосурет sputniknews.com сайтынан алынды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через