Тұтыну көлемі азайса да, Жайық өзені қалпына келер емес

Тұтыну көлемі азайса да, Жайық өзені қалпына келер емес

       Атырау мен Маңғыстау облыстарында ауыз су тапшылығы жыл сайын өткір сезіліп келеді. Ең сорақысы, Атырауды сумен қамтамасыз етіп отырған трансшекаралық Жайық өзені 2006 жылдан бері тартылып барады. Тұтыну көлемі азайса да, өзен қалпына келер емес.

      Маңғыстауда Астрахань-Маңғышлақ су құбыры Қашаған мен Теңіз кен орындарын және сол аймақтағы тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Алайда енді ол жерге газ өңдеу зауыты салынады. Салдарынан тұтыну көлемі артып, су тапшылығы туындайтын болады. Бұл мәселеге сенаторлар алаңдаушылық білдіріп отыр. Олар премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Түйткілдің түйінін шешу жолдарын да айтып өтті. Көкжиде кен орны мәселені реттеуге ықпал етпек. Ондағы су қоры бүтіндей батыс өңірін қамтамасыз етуге жетеді. Бірақ депутаттар тіршілік нәрін ластамау үшін ондағы мұнай іздеу жұмыстарына тыйым салу керек деп санайды. Немесе өндіріске заманауи технологиялар қолдану керек. Әрі судың сапасын тексеріп отыратын бірыңғай оператор белгілеу қажет деген пікірде.

Ақпарат дереккөзі