Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан

Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  көргендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан

фото: https://sputnik.kz

Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  көргендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан

Ішкі істер министрлігінде қоғамдық кеңес мүшелері тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлық сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы брифинг барысында ведомство өкілі Шұғыла Нұрлыбек мәлімдеді.

"Талқылаудың күн тәртібіндегі бірінші мәселе – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып тұр. Жыл басынан бері полицияға 68 мыңнан астам хабарлама келіп түскен", - деді Шұғыла Тұрлыбек.

ІІМ мәліметінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 63%-і арыз жазудан бас тартқан.

Бұған дейін Қазақстанда бір апта ішінде 2 мың 941 қылмыс жасалғаны хабарланған болатын. Оның 1851-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 9 кісі өлтіру, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 54 тонау, 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын "ізін суытпай" ашты.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Жазылу
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз