фото: sputnik.kz
Сенат депутаттары Қазақстан мен Түркия үкіметі арасындағы кедендік бақылау рәсімдерін оңайлатуға арналған келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады.
Осы келісімге сәйкес, Қазақстан мен Түркия арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы мәлімет электронды түрде түседі. Соның арқасында кедендік бақылауға көп уақыт кетпейді. Негізгі шаралар:
өткізу пункттерінде шекарадан өтудің басым тәртібін беру;
кедендік бақылау уақытын қысқарту мақсатында тексерісті оңайлату;
контрабанданың белгілері болған жағдайларды қоспағанда өткізу пункттерінде кедендік жете тексеруден босату.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, екі елдің арасында тауар таситын кәсіпкерлерге шекарада басымдық беріледі.
"Мысалы біз түркиялық әріптестерімізбен шекарадан өтетін тауар туралы ақпаратты электронды түрде алмасып тұрамыз. Сол жақтан көліктің келетінін және тексерілгенін де біліп отырамыз. Біз оған шекарадан кедергісіз өтуге жағдай жасаймыз. Бүгінде біз дәл солай тез бүлінетін тауарларды таситын жүк көліктерін өткізіп жүрміз. Олар арнайы жолақпен өтіп кетеді", - деді Біржанов бүгінгі сенат отырысында.
Сенат келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через