Мемлекет

Бөлісу

Түркиядан баспана сатып алған қазақтардың қатары көбейіп келеді

  Түркиядан баспана сатып алған қазақтардың қатары көбейіп келеді

Түркиядан баспана сатып алған қазақтардың қатары көбейіп келеді

Түркиядан пәтер сатып алатын шетелдіктер арасында қазақстандықтар төртінші орында тұр. Қазақстан азаматтары 2022 жылдың шілде айында Түркия мемлекетінен 190 пәтер сатып алған. Ал жыл басынан бері қазақстандықтар сатып алған үй саны 1607-де жеткен. Оған  Түркияның  жер кадастры бас басқармасы 16 тамызда жариялаған мәліметтер дәлел. Қзақстандықтар Түркиядан қаңтар айында –132, ақпанда – 197, наурызда – 241, сәуірде – 311, мамырда – 218, маусымда 318 пәтер сатып алған. Отандастарымыздың түрік еліндегі жылжымайтын мүлікке деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. 2022 жылдың жеті айында қазақстандықтар сатып алған пәтер саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 69%-ға артық. Ол кезде небәрі 953 пәтер сатып алған екен. Түркиядағы  тұрғын  үйге  қызығушылық  танытқан  шетелдіктер рейтингінде қазақтар жоғарылап келеді. Егер 2021 жылы алтыншы орында болса, 2022 жылы олар төртінші орынға көтерілген. Биыл Түркиядан баспана сатып алған шетелдіктер арасында ресейліктер көш бастап тұр. Олар 6877 пәтер сатып алыпты. Екінші орында Иран (5315) азаматтары тұрса, одан кейін Ирак (4405) азаматтары келеді. Төртінші орында – Қазақстан (1607) азаматтары, одан кейін Германия (1577), Украина (1352), Ауғанстан (1284), Йемен (941), Кувейт (931), Қытай (901) келеді. Түркия Орталық банкінің мәліметінше, елдегі тұрғын үй индексі сәуірдегі 383,1 баллдан мамыр айында 430,6 тармаққа көтерілді. Инфляция шілде айында жеделдеп, 1998 жылғы қыркүйектен бергі ең жоғары деңгейге жеткен. 

 Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через