Түркиядағы жер сілкінісі: Зардап шеккендер саны өсіп, әуежай алаңы толық қирады

Түркиядағы жер сілкінісі: Зардап шеккендер саны өсіп, әуежай алаңы толық қирады

Түркиядағы алапат жел сілкінісі салдарынан елдің 10 провинциясында көз жұмғандар саны 284 жетіп, зардап шеккендер 2323 жетті.

Сонымен қатар Газиантептегі 17 ғасырға тиесілі тарихи қамал зардап шеккен.

Ал елдің оңтүстік-шығысындағы Хантай провинциясындағы жалғыз әуежайдың ұшу-қону алаңы толық қираған.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды.

Агенттік мәліметінше, 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, 6,6 магнитудалы жер сілкінісі Ислахие ауданында тіркелген. Зілзаладан ғимараттар қираған. Зілзаладан ғимараттар қираған.

7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда - Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылуда,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Фото: .aa.com.tr