Түркияда үйінді астынан тағы бір қазақстандықтың денесі табылды

Түркияда үйінді астынан тағы бір қазақстандықтың денесі табылды
фото: https://sputnik.kz

Түркияның Хатай провинциясында толығымен қираған ғимарат үйіндісінің астынан тағы бір қазақстандық – Мирболат Құрмашевтың денесі табылып, шығарылды.

Іздестіру жұмыстарын Қазақстанның құтқарушылары жүргізді.

"Құтқарушылар алдын ала анықталған іздестіру орнына жету үшін арнайы тесік жасады. Олар кішкентай қуыс арқылы ішке енді. Құтқарушылар конструкция элементтері құлап кетпеуі үшін кедергілерді мейлінше аз бұзуға тырысты, үйінділердегі қауіпті аймақтарды бекітті, үйіндінің бөліктерін басқа жерге шығарды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің телеграм-каналы.

Түркияда дүйсенбіге қараған түні болған жер сілкінісі кезінде үш қазақстандық жоғалып кеткен. Олардың бірі Сабина Мамадиярова тірі табылды. Тағы екеуі көз жұмды. Әділ Қадырбековтың денесі бір күн бұрын табылған болатын.

Қазақпарат