Түркияда құтқарушылар аман қалған ер адамды 160 сағаттан кейін тапты

Түркияда құтқарушылар аман қалған ер адамды 160 сағаттан кейін тапты
фото: https://sputnik.kz

Түркияда жер сілкінісінен кейін 160 сағат үйінді астында жатқан ер адам құтқарылды.

"Ресей, Беларусь және Қырғызстанның құтқарушылары Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бір адамды аман алып қалды. Ол жер сілкінісінен кейін 160 сағаттан астам уақыт үйінді астында болған", - деп хабарлады Ресей төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомство құтқару операциясы тәуліктің қараңғы уақытында төрт сағаттан астам уақытқа созылғанын атап өтті.

Дәрігерлер үйінді астында зардап шегушіге медициналық көмек көрсеткені белгілі болды. Құтқару операциясы сәтті аяқталды. Зардап шегуші дәрігерлерге тапсырылды.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі салдарынан 29 мыңнан астам адам қаза тапты.

Қазақпарат