Түркия әлемде ең көп туристті қабылдаған елдер тізімінде 4-ші орында. Бұл туралы осы елдің Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой айтты.
«Бүгінде Түркия туризм саласында ең тиімді және ауқымды жарнамалық шараларды жүзеге асыратын елдердің қатарында»-, деді Мехмет Нури Эрсой.
Біз Түркиядағы демалыс тақырыбын әлемнің 140 еліндегі мақсатты нарықтарда, соның ішінде теледидар, баспа БАҚ және цифрлық медиа арқылы насихаттаймыз. Әлемдегі ең табысты цифрлық платформалардың бірі Go Türkiye Portal арқылы біз Түркиядағы мәдениет пен демалыс мүмкіндіктерін бөлісеміз», - деді ол.
Министр БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының 2021 жылғы мәліметтері бойынша Түркияның әлемде ең көп туристті қабылдаған елдер тізімінде 4-ші орынға көтерілгенін еске салды. Оның айтуынша, әлемдегі барлық туристердің 80 пайызға жуығы туристік бағыттарды таңдауда тамақ пен сусынның алуан түрлілігін ең маңызды критерий деп санайды.
«Биыл Ыстанбұл пандемияға дейінгі жағдайға оралды деп айтуға болады. 2024 немесе 2025 жылға қарай Ыстанбұлды Еуропадағы круиздік бағыттардың біріне айналдыру мақсатымыз бар. Жаңа дәуірде ол өз рекордтарымен есте қалатын қалаға айналатынына үміттенемін», - деді ол.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через