фото: Pexels
Түркістан облысында жылыжайда лимон мен құпынай өсірушілердің саны артып келеді.
Сарыағаштық диқандардың өнімі қазір елордадағы сауда сөрелеріне шығып жатыр. Мамандар жергілікті өнімнің сапасы мен бағасы сырттан келетіндерге қарағанда анағұрлым жақсы, дейді. Бағыс ауылының тұрғыны Манатәлі Таңсықбаевтың жылыжайында лимон теру науқаны басталды.
Бағбан цитрустық жемістің «Меир» деп аталатын сортын еккен. Қазір қабығы жұқа лимоннан мол өнім алып жатыр. Шаруа лимон ағашын жақсылап күтіп баптаса, 3 жылдан кейін өнім береді, - дейді. Ал бір түптен 250 келіге дейін өнім алуға болады. Жеміс ағашының бір артықшылығы – өнімі жылдан жылға көбейе береді. Бағбан жемістің әр келісін мың теңгеден саудалап жатыр.
Сарыағаш қаласындағы жылыжайлардың бірінде құлпынай пісіп тұр. Ашрафи Шымбергенов құлпынайдың қыстық сортын бір гектар жерге еккен. Оның көшетін Кореядан алып келді. Көктем шыққанға дейін 20 тонна құлпынай сатуды жоспарлаған.
Түркістан облысының климаттық жағдайы жайлы болғандықтан мұнда субтропикалық өсімдіктерді жылыжайда жерсіндіру жүйелі қолға алынған. Өңірде 13 гектар лимон, 5,3 гектар банан және 21 гектар құлпынай өсіріліп, өнім беруде.
Жалпы республикадағы жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысына тиесілі. Оның 63 гектары өнеркәісіптік жылыжай болса, 1577 гектары фермерлік жылыжайлар. Айта кетейік, жылыжай өсірушілерге желтоқсан айынан бастап субсидия беру басталды. Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через