фото: sputnik.kz
Түркістан базарында сатылған діни әдебиеттер сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, діни сипаттағы әдебиеттерді заңсыз пайдалану дерегін анықтады. Тәртіп сақшылары қала базарларының бірін тексеру барысында діни мазмұндағы үш кітапты тәркіледі. Дүкеннен алынған әдебиеттер сараптамаға жіберілді.
"Аталған жайт бойынша "Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бойынша тіркеліп, тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды" - делінген хабарламада.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через