фото: https://sputnik.kz
Түркістан облысында қатты ыстықтан жол көтеріліп кетті
"Самара-Шымкент" тас жолында шұғыл жөндеу жұмыстары басталды. Бетон қатты ыстықтан көтеріліп кеткен.
Ресми мәліметке сәйкес, республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент" тас жолының 2234 шақырымында Темірлан ауылына жақын жерде цемент-бетон жабындысы көтерілген. Негізгі себеп – аптап ыстық. Ауа температурасы +47 градус.
"Қазіргі уақытта "ШымкентДорстрой ӨК" ЖШС мердігерлік ұйымымен ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде. Экскаватор, каток, КАМАЗ, жіккесу құрылғысы және 10 жұмысшы жұмылдырылған. Кеш батқанға дейін жол жүру толық қамтамасыз етіледі", - дейді компания мамандары.
Осы орайда ҚазАвтоЖол көлік жүргізушілерінен уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, жол белгілеріне назар аударуға үндеді.
"Жылдамдықты шектен асырмай, мұқият болуды сұраймыз! Осындай жағдайларға куә болсаңыз, шұғыл 1403 call-орталығына хабарлауыңызды өтінеміз", - делінген компанияның ресми хабарламасында.
Айта кетері, бұған дейін Түркістан облысында тура сондай оқиға болды. "Қызылорда – Шымкент" ақылы жолдың бойында аптап ыстықтың салдарынан бетон плиталар көтеріліп кеткен еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через