фото: https://sputnik.kz
Түркістан облысында адамдар дәмханада жаппай уланды
Түркістан облысында адамдар жаппай уланғаны үшін дәмхана иесі 230 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
Дәмханада фастфуд пен рулет жеген үш адам уланды. Кейін белгілі болғандай, осы мекемеден тамаққа тапсырыс берген тағы бес тұрғынға "жедел ішек инфекциясы" диагнозы қойылған.
"Нысанды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тексерген кезде бірқатар кемшілік анықталған. Өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттар болмаған, ірімшік пен шұжық өнімдерінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Сондай-ақ, қызметкерлер мерзімді және профилактикалық медициналық тексеруден өтпеген, жұмысқа рұқсат қағазы болмаған", - делінген хабарламада.
Дәмхана иесіне 230 АЕК (704 490 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істегені үшін хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через