фото: atr.kz
Түркістан облысында төленбеген 4 миллион теңге айыппұлы бар көлік иесі анықталды.
Патрульдік полицейлер Түркістан облысы аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу барысында ірі көлемде төленбеген айыппұлы бар жеңіл көлікті анықтады.
Нақтырақ айтсақ, Ордабасы аудандық ПБ ЖПҚ патрульдік полициясының қызметкерлері "Қорғау – қауіпті жүргізуші" бағдарламасы арқылы Темірлан кенті көшелерінің бірінен Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру кезінде жүргізушінің 4 миллион теңгеден аса сомаға бұрын салынған әкімшілік айыппұлы бары анықталды.
"Нәтижесінде тәртіп сақшылары автокөлікті айыптұраққа қойып, тиісті шаралар қабылдады. Сондай-ақ, автокөлік иесіне айыппұлдарын уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол ережелерін сақтаудың және жолда мұқият болуды ескертеді", - делінген хабарламада.
tengrinews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через