фото: https://sputnik.kz
Түрік бизнесмені Тоқаевқа сода шығаратын зауыт құрылысы туралы баяндады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Yildirim Holding компаниялар тобының президенті әрі бас директоры Роберт Юксель Йылдырымды қабылдады.
Кездесуде химия өнеркәсібі саласындағы бірлескен бірқатар инвестициялық жобаны Қазақстанда жүзеге асыру келешегі талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Yildirim Holding компаниялар тобының президенті әрі бас директоры Роберт Юксель Йылдырымды қабылдады.
Түрік бизнесмені Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы құны 400 миллион доллар болатын кальций қосылған сода шығаратын зауыт құрылысының барысы туралы айтып берді.
Кездесуде химия өнеркәсібі саласындағы бірлескен бірқатар инвестициялық жобаны Қазақстанда жүзеге асыру келешегі талқыланды.
Сонымен қатар Йылдырым Ақтөбе облысындағы "Восход" кен орнында хром концентратын өндіруге және өнім шығаруға қатысты инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы, елдің бірқатар өңірінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі "Қазгеология" АҚ-мен бірлескен жұмыстар туралы айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиямен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтіп, компанияның еліміздегі инвестициялық жұмыстарын қолдайтынын жеткізді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через