Елде бір адамның тұрғын үймен қамтылуы 23,4 шаршы метрді құрайды.
Қазақстандағы 12 өңірде тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен, деп хабарлайды ranking.kz сайты.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде бір адамның тұрғын үймен қамтылуы 23,4 шаршы метрді құрады. Бұл БҰҰ стандарттарынан айтарлықтай төмен.
"БҰҰ мәліметінше, дамыған елдерде ең төменгі стандарт жан басына шаққанда 30 шаршы метр болуы тиіс. Ал кей елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету 60 шаршы метрден асады. Осыған сәйкес әлемдік стандарттардан әлдеқайда төмен Қазақстан халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті деп айтуға болады. Еліміздің 20 ірі өңірінің 12-сінде тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен. Тұрғын үймен ең аз қамтылғандар – Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарының тұрғындары", – делінген ақпаратта.
Дереккөзі: ranking.kz
Ипотекалық несие нарығындағы Отбасы банкінің 2022 жылғы несиелік үлесі 58 пайызға жеткен.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через