Алматыда өткен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде жетіспейтін кадрлар саны анықталды.
Жәрмеңкеге 150 жұмыс беруші қатысты. Елімізде "7-20-25" бағдарламасының шығуына байланысты «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 70-тен астам кеңесші іздейді. Бұның себебі - мегополис халқын ақпаратпен қамтудың қиынға соғуында.
«Жаңа «7-20-25» бағдарламасын халыққа түсіндіру үшін кеңесшілердің қатарын көбейтпекпіз. 18 жасқа толған, орта білімді болса да, жұмыс істеуге ықыласы бар кез-келген адамды ала береміз. Тек жеке кәсіпкер болмауы керек. Жұмыс кестесі жеңілдетілген. Олар берілген уақыттың ішінде біраз адаммен кеңес жүргізіп, олардың белгілі бір мөлшерде қаржы салуына ықпал етуі тиіс.
Банктің көмегімен үй алу, салу немесе үй жөндеу жұмыстарын жүргізуді халыққа жеткізе білу тиіс. Мұның бәрін жұмысқа алғаннан кейін 10 күн ішінде оқытып шығамыз. Олар штаттан тыс қызметке алынып, сәйкесінше зейнетақы төлемдері жүрмейді. Есесіне жұмыс кестесін өзіне ыңғайлап алып, қосымша атқаруға да болады»,-дейді көшбасшы кеңесші Мадина Болатханқызы. Банк қызметкерлерінің айтуынша, жаңадан жұмысқа алынғандардың қызметін көтеру мүмкіндігі қарастырылған. Қарапайым кеңесшіден көшбасшылыққа дейін жоғарылап,әрі қарай банк ішіндегі қызметтерге ауысу үшін арнайы білім талап етіледі. Бұл процестер 6 ай ішінде жүзеге асады. Сондай-ақ кеңесшілер клиенттерге көшпелі қызмет көрсететіндіктен, өзімен бірге планшеті болуы керек. Ал жалақы мөлшері 50 мың теңгеден басталып, 100 мыңнан асады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через