Тұран тобы Молдовада өнер көрсетті

Тұран тобы Молдовада өнер көрсетті
фото: https://smartnews.kz/

Республика күніне орай «Тұран» қазақстандық этно-фольклорлық ансамблі Молдова жұртшылығына өнер көрсетті. Қазақстан Елшісі Алматы Айдарбеков бұл концерт Қазақстан-Молдова мәдени-гуманитарлық байланыстарын нығайтуға, екі ел халықтарының рухани жақындасуына ықпал етеді деп атап өтті. Молдова Мәдениет министрі Серджиу Продан бұл шара екі ел арасындағы мәдени саладағы ынтымақтастыққа жаңа серпін береді деді. Тұран тобы биыл өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Ансамбль Молдова сахнасында «Ұлы Тұран – Мәңгілік», «Ақсақ құлан», «Қазақ елі», «Ер Тұран», «Ұлы Тұран» шығармаларын орындады. Олар көрермендер алдында  домбыра, қыл-қобыз, шертер және сазсырнай сияқты ұлттық аспаптармен өнер көрсетті. Молдова халық әртісі Константин Москович пен «Тұран» тобының «Айттым сәлем, Қаламқас» композициясын бірлесіп орындауын Молдова жұртшылығы жақсы қабылдады.

ҚазАқпарат