фото: vk.com
Алматы метросында енді жол ақысы заманауи әдіспен төленеді. Face Pay атты арнайы терминал арқылы жүзеге асырылмақ. Яғни жолаушылардың жүзін тани алатын камераға бір қарағанда-ақ турникет ашылады.
Қызметті пайдалану үшін жолаушылар ұялы телефондағы мобильді қосымшасына кіруі қажет. Жол ақысы автоматты түрде банк картасынан алынады. Жаңа құрылғылар «Абай» және «Бауыржан Момышұлы» бекеттеріне қойылған.
Метрополитен басшылары, төлем түрін келесі жылы басқа да станцияларға орнатуды жоспарлаған. Олар жаңа жүйенің жылдам әрі қауіпсіз екенін айтады. Жолаушылар енді, бұрынғыдай жетонды бөлек сатып алып немесе төлем картасын тіркемей-ақ қатынай алады деп отыр. Бұл таңғы және кешкі уақытта бекеттегі қарбаласты азайтпақ.
Досым Жолдыбаев, «Алматы метрополитен» МКК табыс жинау қызметі басшысының орынбасары — Біздің метрополитенде осындай төлем жасаудың жаңа түрін енгізуге жұмыс істеп жатырмыз. Тиімділігі — өте ыңғайлы тәсіл. Өйткені бұл турникеттен өткен кезде адам көп жиналмайды, тез өтеді. Сосын ыңғайлы жері — қолма-қол ақша емес, банк картасынан төленеді.
Дереккөз ktk.kz. Фото ашық көздерден
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через