Түнгі уақытта қапырықтан сақтанып, дұрыс ұйықтау үшін не істеу керек?

Түнгі уақытта қапырықтан сақтанып, дұрыс ұйықтау үшін не істеу керек?
фото: championat.com

     Белгілі терапевт Ольга Бакшутова жазда түнгі уақытта қапырықтан сақтанып, дұрыс ұйықтау үшін не істеу керектігін айтты. Оның айтуынша адам өзін жақсы ұйқымен қамтамасыз етуі үшін бөлмені алдын ала салқындатуы керек. 

     Дәрігердің айтуынша, жақсы ұйықтау үшін қараңғы әрі салқын бөлме қажет. Бакшутова жатын бөлмесін кондиционердің көмегімен алдын ала салқындатуға кеңес берді. Сондай-ақ, ол терезеге бөлмені күннен қорғайтын қалың перделер ілу қажеттігін жеткізді.

     "Жастық пен төсек-орын қаптағышын күндіз шкафта сақтаған дұрыс. Себебі ол матрасқа жабысып, қатты қызып кетпеуі керек. Ұйқы кезінде адамның дене температурасы төмендейді. Сондықтан салқын бөлмеде жеңіл киіммен жатсаңыз тезірек ұйықтай аласыз. Жатын бөлмесі үшін ең оңтайлы температура 18+ цельсий градус" - деді терапевт.

     Температураны салқындатып, бөлмені қараңғы ұстау ұйқы гормоны - мелатонин өндірісін жылдамдатады. Сондай-ақ, бөлмедегі температура ұйқының әртүрлі фазаларының ұзақтығына әсер етеді.

     Stan.kz