фото: almaty.tv
Алматыда «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы басталды. Бұл турлаы Standard.kz порталы Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түрлі құқықбұзушылықтары үшін 152 жасөспірім полицияға жеткізілді -
бұл «Түнгі қаладағы балалар» республикалық алдын алу іс-шарасының бірінші күнінің қорытындысы. 17-19 шілде аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу және алдын алу бойынша жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
"Саябақтарды, алаңдарды, қараусыз қалған үйлерді және жасөспірімдер жүруі мүмкін деген басқа жерлерді де тексереміз. Бір тәулік ішінде ІІО-на 152 жасөспірім жеткізіліп, 138 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 9 жасөспірім арнайы есепке алынды. Қараусыз және панасыз қалғаны үшін 11 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығына орналастырылды», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Диас Дуанбеков.
Фото almaty.tv
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через