Алматы қаласының Алмалы және Бостандық аудандарының полицейлері «Жасөспірім және көше» жедел шарасы аясында түнгі өмірді ұнататын жастарды анықтады, деп хабарлады Standard.kz.
«Бірінші жағдайда инспекторлар Катаев көшесіндегі компьютерлік клубтардың бірінде тексеру жұмыстарын жүргізді. Түнгі уақытта сол жерден 17 жастағы жасөспірім табылды. Ол уақытын ойын ойнаумен өткізген. Тағы бір эпизодта 16 жасар қыз ерекшеленді. Түнде ол караоке клубында болды. Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 442 бабы 1 бөлігі бойынша хаттамалар жасалды, ал екі мекеменің әкімшілігі ҚР ӘҚбК-нің 132 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Айтпақшы, Алмалы ауданындағы барлардың бірінде 17 жастағы жасөспірімді мас күйіне жеткізген 21 жастағы жігіт ұсталды. Аталған дерек бойынша материал сотқа жолданды», - деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жанна Шонжанова.
Бұл күндері Алматы қаласында «Жасөспірім және көше» жедел-алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр. Шара мақсаты - мүдделі қызметтер мен ведомствоны тарта отырыпкәмелетке толмағандар арасында балалардың құқығын бұзу деректерін анықтау, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде болғаны үшін, түнгі уақытта балалардың ойын-сауық орындарына кіруіне рұқсат берген 36 лауазымды тұлға мен 333 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі.
Фото: nur.kz, turaninfo.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через