Toyota электромобиль шығаруда артта қалды

Toyota электромобиль шығаруда артта қалды

     Toyota – ғажайып болашақтың көлігі. Фото YouTube платформасындағы Cars Garage каналынан алынды

SlashGear технологиялық платформасында әлемдегі электромобиль нарығында бәсекелес көбейіп, автомобиль өндірушілер жаңа концепциялар ұсына бастағаны айтылды. 

Электромобиль нарығында Tesla соңғы жылдары бәсекелестерінен көш ілгері кеткені белгілі.

Технологиялық аванградтың алдында жүретін Ford және General Motors сияқты ірі автомобиль өндірушілер де соңғы 10 жылда нарықтық бөлісте төменгі сатыларда жүрді. Енді жағдай өзгере бастады.

Mercedes 2030 жылға қарай толығымен электромобильдер шығаруға көшуді жоспарлап отырғанын осыған дейінгі жазған мақаламызда айтқан болатынбыз.

Жапондық Nissan да өзінің Leaf сериясын шығарды. 2022 жылы Ford компаниясы F-150 Lightning, General Motors компаниясы Bolt және EV Silverado, Equinox сияқты Ultium-мен жабдықталған көптеген модель бар. Volkswagen өзінің iD.4 нұсқасын ұсынады.

Ford Evos тұтынушыға дайындалған тосынсый. Фото evglobe.com сайтынан алынды Blazer EV компанияның үздік моделі болады. Фото Chevrolet ресми сайтынан алынды

Тұтынушыларға автомобиль алпауыттар электромобиль (EV) сатып алушылар үшін көптеген нұсқа ұсынуда.

Алайда  әлемдік көшбасшы бір компания EV әңгімесіне айтарлықтай қатыспай отыр. Бұл көпшілікті таңғалдырады.

Өйткені бұл планетадағы ең ірі автомобиль өндірушілердің бірі ғана емес. Ол сондай-ақ бүгінде қолданылып жатқан электрлі көлік технологиясының көптеген жетістігінің иесі. Бұл компания – жапондық Toyota.

Әлемдік автоиндустрияның көшбасшысы EV әңгімесіне айтарлықтай қатыспай қалды. Фото Getty Images сайтынан алынды

20 жыл бұрын жолға шыққан танымал Toyota Prius сияқты көліктер болмаса, гибридті автомобиль технологиясын дамытуға ұзағырақ уақыт кетер еді. Toyota-ның гибридтік технологиясының арқасында электромобильдерді кеңінен қолдануға мүмкіндік туды. Сондықтан заманауи электромобильдер Toyota компаниясына қарыздар.

Бұған қарамастан, электрлік кеңістікте Toyota әлдеқайда артта қалды. Компания түсініксіз атаумен bZ4X EV деген кроссоверін жасады. Бірақ доңғалақтарында ақаулық табылған bZ4X өткен айда ғана конвейерге шығарылды.

Дегенмен  Reuters агенттігінің хабарлауынша, Toyota өз жолына қайта оралуға тырысуда. Бренд Ford-қа немесе GM-ге емес, тікелей Tesla-ға назар аударған.  38 миллиард доллар тұратын электрлік көлік әлемін жаулап алудың жаңа жоспарымен Toyota Илон Масктың электр көлігін тұғырынан тайдыруға үміттенеді.

Toyota бүгінгі электромобиль технологиясының ауқымды бөлігінің авторы. Фото Getty Images сайтынан алынды

Toyota өзінің дербес электр көлік стратегиясымен инженерлерін жаңадан сызба тақтасына шақырды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, компания бұрын шығарылған 30-дан астам электромобиль үлгілері бойынша жұмысын тоқтатып, таза әдістер ұстанатын сияқты.

Компания шығындарды азайтуға және жаңа электр көліктерін тұтынушыларға жылдам жеткізуге күш салуда.

Aikyn.kz