Күннің суықтығынан Ақтаудағы теңіз жағалауы көк мұзға айналды. Табиғаттың тосын құбылысына тұрғындар дән риза. Олар теңіз үстінде коньки теуіп, шанамен сырғанап жүр.
Өзім Ақтауда 40 жылдан бері тұрамын. Каспийіміз осылай қатып қалғаны бірінші рет. Осындай мұз болып жатқанына өте қуаныштымыз. Коньки теуіп жүрмін. Жақсы ауа райында. Ерекше. Теңіз негізі тұзды су ғой, қатпау керек. Мынау ерекше болып тұр, бірінші рет. Жұматай Ерғалиев, Ақтау тұрғыны.
Теңіз бетіне мұз өте сирек қатады. Қарт Каспийдің мұндай құбылысына экологтар да таң-тамаша. Тұзды судың қатуын аязбен байланстырып отыр. Ал төтеншеліктер мұздың қалыңдығы 10-20 сантиметр аралығында дейді. Қазір теңіз бетінде сырғанаушылар көбейген. Сондықтан құтқарушылар кезекшілік ұйымдастырыпты. Өйткені осы уақытқа дейін мұзды тамашалаймын деп суға батқан 2-3 жағдай тіркеліпті.
Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері осындай уақытта үгіт-насихат жүргізіп, келіп жатқан адамдарға, қала тұрғындарына, қонақтарына, су бетінде сақтық шарасын сақтау ережесін түсіндіріп жатырмыз. Әрине, мұзға шыққанда балаларымен келеді. Сондай уақытта біз де түсіністікпен қараймыз. Қазір осы жерде 20-30 шақты қызметкер келіп жүр. Назар Ізтілеуов, Маңғыстау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының бастығы.
Дереккөз ktk.kz. Фото: nur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через