Төрт проценттік автокредитке қандай көліктер беріледі – министрлік жауап берді

Төрт проценттік автокредитке қандай көліктер беріледі – министрлік жауап берді
фото: https://sputnik.kz

Төрт проценттік автокредитке қандай көліктер беріледі – министрлік жауап берді

Вице-министрдің айтуынша, өте қымбат көліктерге жеңілдетілген автокредит берілмейді

4 проценттік автокредит бағдарламасы аясында 10 миллион теңгеге дейінгі көлікті  рәсімдеуге  рұқсат  беріледі.

Ал одан қымбат болса, қажетті сомманы рәсімдеп, үстінен төлеуге мүмкіндік бар. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

"Бүгін таңертең жеңілдетілген автокредит тек белгілі бір модельдерге ғана беріледі деген ақпаратты көрдік. Бұл – фейк ақпарат. Бағдарлама бойынша 10 миллион теңгеге дейінгі кредит беріледі. Ал алып жатқан көлігіңіз одан қымбат болса, сіз 10 миллионның үстінен қажетті сомманы өз қалтаңыздан төлейсіз", - деді Қарабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, өте қымбат көліктерге жеңілдетілген автокредит берілмейді.

"Автокредит барлық модельдерге беріледі. Бірақ ең қымбат модельдер бар. Мысалы, Hyundai Palisade сияқты көліктер сатылады. Ондай көліктерге жеңілдетілген кредит берілмейді. 25 миллионға жағдайы бар кісілер өз ақшасына алсын", - деп атап көрсетті Қарабаев.

Мәтіндегі ақпарат туралы