Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

        "Құрметті отандастар, қадірлі ағайын!

       Баршаларыңызға тағы да айтарым, іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын.

       Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл - өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды. Бірақ бізге өзара сенім және өзара диалог керек.

       Ал жастарға айтарым, жарқын болашақтарыңа балта шаппаңыздар. Жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың жағдайын ойлаңыздар. Жалпы барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі. Тиісті шешімдер қабылданады. Ертең осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді.

Ақпарат дереккөзі