Мемлекет

Бөлісу

Тоқаев Әлеуметтік әмиянды жыл соңына дейін енгізуді тапсырды

  Тоқаев Әлеуметтік әмиянды жыл соңына дейін енгізуді тапсырды

Тоқаев Әлеуметтік әмиянды жыл соңына дейін енгізуді тапсырды

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Отбасының цифрлық картасы мен Әлеуметтік әмиянды жыл соңына дейін іске қосуды тапсырды.

Президент халықтың әлеуметтік осал тобына қолдау көрсету өте маңызды екенін атап өтті. Ол үкіметке әлеуметтік қолдаудың проактивті форматына көшуді, әр азаматқа атаулы көмек көрсетуді тапсырды.

"Отбасының әлеуметтік картасын жетілдіріп, іске асырған жөн. Жобаны әзірлеуге бірнеше ведомство қатысқандықтан, оның бастапқы концепциясы әлденеше рет өзгерді. Үкіметке жылдың соңына дейін Отбасының цифрлық картасын іске қосуды және Әлеуметтік әмиянды енгізуді тапсырамын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Еске салсақ, 2020 жылы күзде президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік төлемдерді цифрландыруды тапсырды. Осыдан кейін Ұлттық банк сауда және интеграция, цифрлық даму және еңбек министрліктерімен бірлесіп, Әлеуметтік әмиян жобасын әзірлеуге кірісті.

Бұған дейін үкімет 2022 жылы әлеуметтік әмиян өнеркәсіптік пайдалануға берілетінін хабарлады. Ал 2023-2024 жылдары ол Ұлттық тауар өткізу жүйесімен біріктіріледі.

Цифрлық әмиянға әлеуметтік төлемдер аударылады. Ал ақша электронды түрде болады. Қазақстандықтар әлеуметтік әмиянды банк картасына балама ретінде пайдалана алады. Сондай-ақ әлеуметтік әмиянмен тауар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға болады. Оны банк картасына бекіту мүмкіндігі бар.


Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через