Жапония астанасы Токио қаласында ерекше шара өтті. Жергілікті театрлардың біріне Танака Хирокадзу есімді 178 тұрғын келді. Осылайша жапондықтар аттастардың ең ірі кездесуін ұйымдастырып, Гиннес рекордын жаңартты.
Бұған дейінгі рекорд АҚШ-та тіркелген. Ол кезде Мартам Стюарт есімді 164 адам бір жерге жиналған екен.
Жалпы өзіңізге қатысты қызықты мәліметтерді табу қиын емес.
Мысалы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті өзінің ресми сайтында азаматтардың жеке бас мәліметтеріне қатысты қызықты деректер алуды ұсынады. "Бұл қызықты" деген бөлімнің «Мен сияқты неше адам бар» тарауындағы тиісті жолақтарды толтырған кезде Қазақстанда өзіңізбен аттас қанша адамның бар екенін білуге болады.
Сол сияқты бұл жерден Қазақстанда өзіңіздің қанша құрдасыңыздың бар екені және олардың жынысы мен ұлты туралы мәліметті де көруге болады. Керек болса, статистика сайты құрдастар мен аттастар туралы мәліметтерді аймақтар бойынша, тіпті, аудандар бойынша да тауып береді.
Фото: dzen.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через