Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов департаментті екі мемлекеттік органға бөлу туралы ұсынысқа түсініктеме берді, деп жазады Orda.kz порталы.
Біз спорт мәселелеріне жауап беретін бөлек министрлік құру туралы айтып отырмыз.
– Мұндай ұсыныстар бұқаралық ақпарат құралдарында көтерілгенін білеміз. Алайда, оны басшылық – мемлекет басшысы, премьер-министр шешетінін түсіну керекпіз. Бұл жерде біз елдің жоғарғы басшылығының шешімдеріне сүйенетін боламыз, – деп жауап берді Ерлан Қожағапанов.
Назар аударарлығы – мұндай ұсыныс Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін жасалды.
Бұған дейін Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков 2020 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының нәтижелеріне талдау жасалатынын айтып, 10 қыркүйекке дейін спорт федерациялары жан жақты есеп береді деп уәде еткен
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через