фото: sputnik.kz
Қостанай облысында есірткі сатушысы ұсталды. Одан 100 млн теңгенің "синтетикасы" тәркіленді, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Тобыл қаласында ұсталған ер адамды тінту кезінде 3 келіден астам синтетикалық есірткі шықты. Одан кейін тағы 2 мыңнан астам орама табылды. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің бәрі - "мефедрон" синтетикалық препараты. 31 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды. Есірткінің жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асып кетті.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, аса ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оған қоса, кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Айта кетері, Қостанай облысында "Қарасора - 2023" жедел алдын-алу шарасы басталғалы бері 10 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через