фото: shakenews.ru
Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде не туралы сөйлескенін айтты. Режиссер Қазақстанда біздің цифрлық өміріміз туралы баяндайтын скринлайф жанрындағы жаңа кино тілін дамытуға ниетті.
«Біз мен үшін, Президент үшін ең қызықты тақырыптарды талқыладық. Қазақстанның әр өңірінде креативті индустрия орталықтары болуы үшін оны қалай дамытуға болатынын талқыладық. Бұл мен үшін қызықты. Өзім Атыраудан, шағын қаладан келдім. Елдің кез келген жерінде көмектесуге лайық, өз армандарына жетуге тиіс талантты адамдар бар екеніне сенімдімін. Мен және менің компаниям Қазақстанда скринлайф деп аталатын тілді дамыту үшін көп нәрсе жасай аламыз деп үміттенемін. Бұл – біздің цифрлық өмірімізді баяндайтын жаңа кино тілі. Бұл экран, интерфейс әлемінде өзімізді қалай көрсетеміз, қалай армандаймыз, сол туралы», - деді режиссер Т.Бекмамбетов.
Біз уақытымыздың көп бөлігін компьютер мен телефон экраны алдында өткізетіндіктен, өміріміздегі ең өткір және маңызды оқиғалар осы цифрлық әлемде болады.
«Біз Президентпен бұл туралы не айту керектігі туралы өзара түсіністік таптық, ойлану – қазіргі заманғы өнердің маңызды міндеттерінің бірі. Біз әлі талай тақырыпқа қатысты әңгімелесуге себеп табатынымызға үміттенемін. Мен үшін жұмыс – өте қызықты адамдармен қарым-қатынас жасауға сылтау», - деп бөлісті режиссер.
Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через