TikTok қазақ тіліне аударылады

TikTok қазақ тіліне аударылады
фото: https://sputnik.kz

TikTok қазақ тіліне аударылады

TikTok қазақ тіліне аударылады. Бұл туралы TikTok -тың Қазақстандағы бас директоры Анастасия Панина хабарлады.

"Біз платформада жаңа контент жасап жатқан көптеген музыканттарды, мұғалімдерді, жас аналарды көріп отырмыз. Біз қоғамға жақын болғымыз келеді, сондықтан осы күзде Қазақстанда өкілдік ашамыз. TikTok-тың мазмұнын барынша қызықты әрі пайдалы ету үшін білім беру ұйымдарымен, мемлекетпен бірге көбірек жобалар шығарамыз. Қазір TikTok қосымшасы қазақ тіліне аударылып жатыр", - деді Панина.

Компанияның кеңселері Астана мен Алматыда болады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Astana Media Week-2022 форумында айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін компанияның вице-президенті Тео Бертрам Digital Bridge халықаралық форумында TikTok күзде Қазақстанда өз өкілдігін ашатынын мәлімдеген болатын.

Astana Media Week үш күн – 26-28 қазан аралығында жалғасады. 150 отандық және халықаралық спикер сөз сөйлейді деп жоспарланған. Биылғы жылғы шараның тақырыбы - "Жаңа шындық – жаңа медиа".

sputnik.kz