фото: https://gallerix.ru
Лондонда атақты қылқалам шебері Тициан Вечеллионың «Мысырға барар жолдағы демалыс» атты картинасы бәссаудаға қойылды.
Бұл – туындының 150 жылда алғаш рет аукционға шығарылуы. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, 1512 жылы салынған туынды 31 миллион долларға бағаланып отыр. Тицианның осы шығармасына кезінде император Наполеон I мен австриялық герцогиня Мария Терезия иелік еткен. Кейін оны біреулер ұрлап, 7 жыл бойы табылмаған.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через